Библиотека

Райым Уайыс - Суыксын

Добавил:admin (12.09.2016 / 10:58)
Прочтений:3018
Қызғаншақ болармын, күйгелек,
Арманым аяққа таптадың.
Айтуға хақың жоқ "сүйме" деп,
Жылытып кеткенсің жат жанын.
Тағдыр ғой. Амалсыз көнесің,
Сенсіз де өмірді сүре алам.
Жүрегім мазасыз, о несі,
Жүрегім не десін, құп алам.

Қайырмасы:

Суықсың,
Араны біржола суыттың.
Суықсың,
Өзгенің құшағын жылыттың.
Суықсың,
Қалайша оп-оңай ұмыттың.
Суықсың,
Қытымыр қаңтардай суықсың!

Таусылған арада әңгіме,
Мен босқа болмайын үміткер.
Уақытша сезімің сөнді ме,
Суық көз. Суық жүз. Суық қол.
Тәттілеу түн-күндер ол қайда,
Алдамшы қалпыңнан жирендім.
Суықпын. Маған ал болмай ма,
Мен сенен сууды үйрендім.

Қайырмасы:

Суықсың,
Араны біржола суыттың.
Суықсың,
Өзгенің құшағын жылыттың.
Суықсың,
Қалайша оп-оңай ұмыттың.
Суықсың,
Қытымыр қаңтардай суықсың!
Рекомендуем