Library
Басталған жолы қарамен
Тағдырлар аз ба, сірә
Тұншығар үнсіз бар әлем
Сәбидің көз жасына
Іңгәләп тілсіз зар илер
Наз айтып фаниге ол
Сөндірмесін шырағын
сәбиі шамы бар үйлер
Жыламасын, жыламасын, жыламасын сәбилер (2 рет)

Сәбиді кімдер жылатқан
Тас бауыр аналар ма
Шаңырақ туын құлатқан
Әкелер оралар ма
Іңгәләп тілсіз зар илер
Наз айтып фаниге ол
Сөндірмесін шырағын
сәбиі шамы бар үйлер
Жыламасын, жыламасын, жыламасын сәбилер (2 рет)

Жыламасыншы ақ арман
Шықпасын ала мұңы
Сырғанап кетер жанардан
Бір тамшы балалығы
Іңгәләп тілсіз зар илер
Наз айтып фаниге ол
Сөндірмесін шырағын
сәбиі шамы бар үйлер
Жыламасын, жыламасын, жыламасын сәбилер (2 рет)
Рекомендуем